Жамбылда татуластыру орталықтары ашылады

0 4

Қоғамда кездесетін түрлі дауларды сотқа жеткізбей шешу. Бұл татуластыру орталықтарының негізгі міндеті болмақ. Енді Жамбылдағы барлық кәсіподақтар үйінде  осындай жаңа қызмет түрлері ашылмақ, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.

Осы  мақсатта Жамбыл облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Жамбыл облыстық сотының арасында екі жақты әріптестік меморандумға қол қойылды.

Бұл құжат  негізінде кез-келген қызметтік даулар мен жанжалдар болған жағдайда тараптар құқық органдарына бармай-ақ, мәселелерін бейбіт тәртіппен шешеді.

««Татуластыру орталықтарында» халыққа қызмет көрсететін мамандар жан-жақты білімді болмақ. Жаңа бастама — қоғамдағы күрмеуі көп даулы проблемаларды ушықтырмай шешуге септігін тигізбек», — деді    Бірлестік төрағасы Мейрамбек Төлепберген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.