Халық жадында мәңгі сақталмақ

0 6

Бүгін Тараз қаласының Даңқ аллеясында Ресей Федерациясының Волгоград қаласында орналасқан «Мамаев курган» мемориалындағы ескерткіштің түбіне арнайы әзірленген орынға апарып қою үшін Жамбыл жерінің топырағы салынған капсуланы тапсыру рәсімі өтті.

Капсуланы ҚР «Генералдар кеңесі» Президиумы ағымдағы жылдың 27 сәуірі күні Волгоград қаласында Қазақстаннан шыққан ҰОС ардагерлері – Сталинград қорғаушыларына арналған ескерткіштің ашылуына орай өткізілетін іс-шараға алып барады. Себебі, 1941 жылы  Қазақ  КСРО-сы Жамбыл қаласы аумағында Сталинград қаласын ерлікпен қорғаған 81-кавалериялық дивизиясы құрылғаны белгілі.

81-ші кавалерия дивизиясы Котелниково қаласын азат етуге қатысқан, содан кейін олар қоршауға түскен сияқты болған. Негізінде бұл армияны қалыптастырудың ең сенімді дәлелі, әрине, оның әскери іс-әрекеті болып табылады. Шындығында, олар Котелниководан солтүстікке қарай 20-30 км қашықтықта шегінен сытылып шығып,  қорғаныс шебіне шыққан.

Осылайша, Жамбылда құрылған 81-ші кавалериялық дивизия батыл іс – әрекеттерімен Сталинград шайқасына сарқылмас үлес қосты.

«Сталинград түбіндегі  шайқаста ерлік көрсеткен аталарымыздың  қаһармандығы мен табандылығы елдің  есінде  мәңгі қалады. Келешек жастарды жоғары патриотизм рухында тәрбиелей отырып,  біз әрдайым: «Ешкім де, ешнәрсе де ұмыт қалмайды», — деді  Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өрнекбай Смаилов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.