Қытайдағы Гуанчжоу қаласында алматылық студент қайтыс болды. Бұл мәліметті ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«1991 жылғы жігіт қайтыс болды. Ол Жамбыл облысының тумасы, Алматы қаласының тұрғыны. Гуанчжоудың құқық қорғау органдарының мәліметінше, жігіт 4 сәуірде қайтыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта денені Қазақстанға жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.