Түркияда Қазақстаннан және БҰҰ-ның ішіне кіретін басқа да елдерден барған қыздарды сататын қылмыстық топ құрықталды. Бұл жайында Спутник Әзірбайжан хабарлайды.
16 адамнан тұратын қылмыстық топ Айдын, Ялова, Бурса қалаларында операция барысында қолға түскен.
Түркияның полиция қызметкерлері қылмыстық топтың соңына осыдан үш ай бұрын түскен . «Паспортстол» лақап аты бар адамның артынан аңдыған. Анықталғандай, қылмыскерлер Түркияға Қазақстан мен Әзірбайжан, Беларус пен Украина, Молдовадан қыздарды жоғары жалақысы бар жұмыс ұсынып, шақырып отырған.
Қылмыскерлер бір-бірімен байланысу үшін «көлікті жалға беру», «туған күнге торт», «қызықты түндер» секілді құпия сөздер пайдаланған.
Түркияға барған қыздардың құжаттарын тартып алып, жеңіл жүріспен айналысуға мәжбүрлеген.
Ал құрбандарды іс аяқталғаннан кейін үйлеріне жібереді.