Жамбылдағы «Жас Отан» жастар қанатының бір топ өкілі астанаға съезге барып қайтқан. Елордадағы жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты. Алқалы съезден алған әсерін жамбылдық жастар журналистермен бөлісті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Брифингте «Жас Отан» жастар қанатының мақсаттары мен міндеттері айтылды. Облыста 263 мыңна аса жас бар. Жасотандықтырдың қатысуымен жыл басынан бері 78 іс – шара өткізілген. Ал, съезде Елбасының «Президенттік бес әлеуметтік бастамасы», «Қазақстан – 2050» стратегиясында, «цифрлық қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерді жүсеге асыру мәселелері талқыланған. Жамбыл облысынан аталмыш съезд жұмысына қатысуға 50 делегат сайланып, оның ішінде жас спортшылар, кәсіпкерлер, жайдарманшылар және де ауыл жастары барып қайтыпты.
«Жас Отан» Жастар қанаты жыл басынан бері ашық форматтағы іс шараларды өткізуді қолға алып келеді. Соның бірі «Жас Отан» Жастар қанатының Орталық кеңесінің мүшелігіне сайлауы болды.
Ұлттық бірегейлікті сақтау «Жас Отан» ЖҚ жұмысындағы маңызды басымдық болған. Ұлттық стилді, мінезді сақтай отырып,әрқашан прогресс пен зайырлы өмір сүру салтын жақтайды. Бұл жөнінде мынадай бастамаларды іске асыруға ниетті.
Бірінші. Киім-кешектегі ұлттық киім элементтерінің пайдаланылуын дәріптеуге ықпал ету. Ұлттық киім кию сәнін қалыптастыру қажет.
Екінші. Заманауи ойын элементтерін (квестер,QR-кодтардағы мобильдік ойындар және т.б.) енгізе отырып, Қазақстанның әдет-ғұрыптары сақталған жерлеріне жыл сайын жастар экспедицияларын ұйымдастыру.
Үшінші. Отандық авиа компаниялардың рейстерінде және теміржол вокзалдарында тақырыптық трансляция арқылы халыққа Қазақстанның әдет-ғұрыптық географиясы туралы ақпарат беру жүйесін ұйымдастыру, сондай-ақ маңызды жерлерді электрондық карталарға түсіру.
Төртінші. Ұлттық мәдениетіміздегі зиянды архаизмдерді анықтау және оларды жастар ортасында қабылданбауына ықпал ету.
Бесінші. Жастарға арналған арнайы бағдарламалар арқылы ауылда мал шаруашылық кәсібінің белсенді дамуына мүмкіндіктер жасау.
Уалихан БОЛАТБЕК — Жас Отан» ЖҚ ЖОФ төрағасы:
««Жас Отан» жастар қанаты жаңғыру мен жаңалықтың жаршысы болып отыр. Жастар заман ағымынан қалыс қалмай, тәуелсіз мемлекетіміздің қарқынды өсіп-өркендеуіне үлес қосуы үшін алдымен олардың басын қосып отырған ұйымның өзінде серпінді серпіліс, оң өзгеріс орын алуы тиіс екені айдан анық. Бұл бағытта нақты қадамдар бар».