Алматы облысында үйі өртенген жалғыз басты ана далада қалды

0 17

Талдықорған қаласына қарасты Қызыл тас саяжайында тұратын жалғыз басты ана Рита Бекенованың үйі өртеніп, екі баласымен және 80 жастағы анасымен далада қалды. Екі аптадан бері олар көршілерінің үйін паналап келеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Наурыздың 25-нен 26-на қараған түні болған оқиғаны Рита үреймен еске алады. Ол  қызыл жалынның арасынан екі кішкентай қызын әрең алып шығарғанын айтады. Ал өрт электр сымдарының тұйықталуынан болуы мүмкін.

«Бірінші жарық  өшіп қалды, кейіннен  иіс келді, дәліздің есігін ашып қалсам, от лаулап жатыр. Түн ортасында екі қызымды әрең алып шықтым. Өрт сөндірушілер бір жарым сағаттан кейін келді. Тым болмағанда жарты сағаттың ішінде келгенде, үйімді аман алып қалуға болар еді. Негізі өрт электр сымдарынан  шықты деп ойлаймын.  Тоқ тура ағашқа ілініп тұратын,  электр мамандарына бірнеше рет айттым, мына ағашты кесіп беріңіздерші, тоққа кедергі жасап тұр деп, сөзіме құлақ аспады. Қазір көршілерімнің үйінде жүрміз. Бізде, білесіздер, саяжайда су жоқ. Сол түні қызыл жалынды өшіретін су да болмады. Артынан өрт сөндірушілер судың болмағаны да дұрыс болды деп айтты. Себебі, өрт электр сымдарынан шыққандықтан, біз су құйғанда өзімізді тоқ соғар ма еді. Әйтеуір аман қалғанымызға шүкіршілік етіп отырмыз», — дейді баспанасы өртеніп кеткен  Рита Бекенова.

Егде жастағы шешесін қолтықтап, екі баласын жетектеп жүрген жалғыз басты ана енді қайда барып өмір сүретінін білмейді. Тығырыққа тірелген отбасы қайырымды жандардан көмек сұрайды. Егер қол-ұшын беруге ниетті жандар болса, мына номерлерге 8 777 055 02 74, 8 747 295 2036 хабарласуларыңызға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.