Қазақстанда қандай вирустардың таралу қаупі бар?

0 5

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті вирустар мен инфекциялардың еліміздің қандай аумағында таралуы мүмкін екендігін жария етті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан өңірлерінде  жыл сайын маусымға және өңірлердің табиғи ошағына байланысты адамдардың Конго-Қырым қанды безгегіне (Жамбыл, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында), кене энцефалитіне (Алматы қаласы, Алматы мен Шығыс Қазақстан облысы) вирустық гепатит, өткір ішек инфекциясына шалдығу деректерінің тіркелуі мүмкін», — дейді сала мамандары.

Сонымен қатар, комитет дәл қазіргі уақытта нақты бір елдерге тән инфекциялардың таралуы туралы да мәліметтермен бөлісті.

«Таяу Шығыс елдерінде адамдардың  MERS немесе  таяушығыстық респираторлық синдромның коронавирусына, тропикалық климатты елдер — Оңтүстік Шығыс Азияда, Африкада, Оңтүстік Африкада чикунгунья безгегі, безгек, Ласса безгегі, Денге, Зика, сары безгекке, Батыс Африка елдерінде  Эбола безгегіне және басқа да ауруларға шалдығу деректері тіркеліп жатыр», — деп хабарлады комитет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.