Ауыл берекедегі «өрт»

0 0

Кемероводағы орын алған оқиғадан кейін облыс аумағында тиісті басқармалар орнынан қозғалды. Сәуір айының ішінде жеке нысандарға  30-дан астам өрт техникалық оқу-жаттығу өткізу жоспарланса, кезектісі Ауыл-Береке базарында ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Сағат кешкі алтылар шамасында Ауыл-Берекедегі құрылыс заттарын сататын сауда орнын  өрт шалды деп дабыл қағылды. Апат орын алған жерге 4,5 шақырымда орналасқан №1 өрт сөндіру бөлімшесі 5 минутта жетуі тиіс. Дайындықты пысықтауға арналған 7 арнайы көлік пен 30-ға жуық өрт сөндіруші 45 минут ішінде аласұрып, алауды ауыздықтады. Бұл алдын-ала жоспарланған жаттығу сценарийі. Базар әкімшілігінің сұранысы бойынша жоспардан тыс өткізіліп отыр.

«Бізде 11 гидрант, саудагерлердікінен бөлек 14 шақты өрт өндіру щиттары бар. Кішігірім болған оқиғалар, қоқыс өртеніп, ірісі тіркелген емес», — дейді Өрт қауіпсіздігіне жауапты маман Амангелді Әшімов.

Осы сынды өрт сөндіру жаттығулары өзге базарлар да өткізілмек. Апат айтып келмейтіндігін ескерсек, тұрғындар да қатыстырылып, оларды да бейімдеу керек шығар деген ой келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.