Таразда «Жұлдызай» балалар фестивалі өтті

0 8

Облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығында «Жұлдызай» XIII Республикалық  мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығына арналған «Астана бақыт мекені» атты  фестивалінің іріктеу туры өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Астананың 20 жылдығына арналған  байқауға облыстың барлық аудандарынан өнерлі, талантты балалар 6 номинация  бойынша — вокал (классикалық,  халықтық  және  заманауи  эстрадалық  әндер), хореография (халық  биі,  заманауи  билер, спорттық балл билері), аспапта  ойнау, көркем  қолданбалы  өнер, бейнелеу өнері, әнді  ым-ишаратпен  орындау  сияқты  өнерлерін  көрерменге тарту етті.

«Асыл Арман» Ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға 12 жылда  облыс бойынша 3000-ға жуық, оның ішінде аудандардан — 1395,  арнайы  мектеп-интернаттардан — 1645 бала  қатысып келген. Астана  қаласында үлкен  сахнада  300-ге жуық бала өз өнерлерін көрсетіп, республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында тегін демалып қайтты.

Аймақтық іріктеуден өткен жеңімпаз жұлдызайшылар 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Астана қаласында өтетін гала-концертке қатысады. Сондай-ақ, ерекше дарын иелері республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында демалуға жолдама алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.