Цукерберг Facebook қауіпсіздігіне қанша қаражат жұмсағаны белгілі болды

0 0

2015 жылдан бастап Марк Цукербергтің Facebook әлеуметтік желісінің қауіпсіздігіне және оның іскерлік сапарларға жұмсайтын шығыны шамамен 20 миллион АҚШ долларын құрады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

2017 жылы Facebook өз көшбасшысы әрі әлеуметтік желінің негізін қалаушы Марк Цукербергтің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 9 миллион доллар жұмсады, деп хабарлайды CNN. Ал, 2015 жылдан бастап Цукербергтің қауіпсіздігі мен іссапарларына шамамен 20 миллион АҚШ доллары кетті.

Компанияда Цукерберг директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директор лауазымына ие. Сондықтан да, Facebook өкілдерінің айтуынша, мұндай шығындар «Цукербергтің жеке қауіпсіздігіне, оның қызметтік міндеттерінен туындаған қауіпке» байланысты.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.