Елімізде астық тасымалы екі есеге артты

0 0

Қазақстан порттары арқылы тасымалданатын астық көлемі екі есеге артты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Биыл үш айда Ақтау теңіз портының солтүстік терминалынан 331 мың тонна бидай жөнелтілген. Ал былтыр осы аралықта тасымалданған астықтың көлемі 160 мың тоннаға да жетпейді. Яғни екі есе кем. Аталған терминал арқылы Қазақстан ғана емес, Ресей кәсіпкерлері де астық экспорттауға көшті. Өнімнің басым бөлігі Иранға жол тартқан. Сондай-ақ жыл басынан бері Ақтау теңіз порты Иранның 90 кемесін қабылдап, бидай тиеген.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.