Қазақстандық боксшылар халықарлық жарыста 7 медаль иеленді

0 9

Қазақстандық боксшылар Украинаның Херсон қаласында өткен Николай Мангер Мемориалында жақсы нәтиже көрсетті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Аталмыш жарыс сәуірдің 10-ы мен 14-і аралығында өтті.

Біздің боксшылар жалпы саны жеті медальға қол жеткізді: үш алтын, екі күміс және екі қола.

Чемпион атағына ие болғандар: Жандос Несіпжан (49 келі), Нұрбол Қалжанов (56 келі) және Қуан Қуатов (64 келі). Күміс жүлде Азат Махметов (52 келі) пен Нұрболат Сермахановтың (+91 келі) еншісінде. Қола медальді Қанағат Маралов (69 келі) пен Ерік Әлжанов (75 келі) иеленді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.