Елімізде антрополог және этнолог қауымдастығы құрылды,- деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Алматы арнасына сілтеме жасап.
Оған тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті археология және этнография, музеология кафедрасының меңгерушісі Аманжол Қалыш жетекшілік етеді.
Оны құру туралы бастаманы профессор Халел Арғынбаев көтерген. Сондықтан ол шешімнің үшінші рет ұйымдастырылып отырған «Арғынбаев оқуларына» арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында қабылдануы кездейсоқ емес.
«Қазақстандағы этнологтарды біріктіруіміз керек. Өмірден өткен біздің көптеген керемет ғалымдарымыз бар. Солардың еңбектері шықпай қалып отыр. Мына жастарға көмек. Өзіміздің республикалық деңгейінде этнологтардың арнайы журналын шығарғымыз келеді. Осындай мақсаттарымыз бар», — деді тарих ғылымдарының докторы Аманжол ҚАЛЫШ.