Қылмыскерлер Қытайдан Қазақстанға топ қылып өткізетін арна ашқан

0 7

ҚР парламент мәжілісінің төраға орынбасары Владимир Божко еліміздегі көші-көн мәселесі жайында айтып өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Sputniknews — ке сілтеме жасап. 

«Ауғанстанның 49 азаматы басқа ұлттан бола тұра қазақ оралман статусын алмақ болған. Олардың көбі қазір іздеуде», – дейді Божко.

Оның айтуынша, Бангладеш пен Ауғанстан азаматтары елімізді Еуропаға өту үшін пайдаланғысы келеді. Осылайша Еуропада тұрақты орналасқысы келген.

«Екі қылмыстық топ қазақстандық тіркелген 85 компания арқылы Қытайдан Қазақстанға заңсыз өткізетін арна ашқан. Еліміздің құқық бұзушыларды сыртқа шығарып тастау туралы заңнамасына сәйкес, көші-қон полицейлері қиын жағдайда қалып отыр.  Шетелдіктердің біздің территориямызда айлап тұруына тура келеді», – дейді  мәжіліс вице-спикері.

Ол шекарасындағы бақылауды күшейтуге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.