Еліміздегі мемлекеттік қызмет саласына жасанды интеллект қалай енгізіледі

0 11

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мемлекеттік қызмет көрсету саласына жаңа технологиялар қалай енгізілетінін айтып берді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Мысалы, корпорацияның ахуалдық орталығының және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысының қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жасанды интеллект енгізіледі. Қызметтерді алуды жеңілдету үшін биометриялық деректер қолданылатын болады. Адамның тұлғасын растау кезінде бет келбеті мен саусақ бедері қолданылады», — деді Оспанов бүгінгі Үкімет отырысында.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК сонымен қатар, Әділет министрлігімен бірлесіп, жылжымайтын мүлік саласының қауіпсіздігін арттыру мақсатында блокчейн технологиясын пайдаланбақ. Алдағы 1,5 жылда бұл технология мүлік кепілін тіркеуге енгізіледі.

«Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің халықаралық даму тенденцияларына сәйкес, олардың барлығы біртіндеп смартфонға көшеді. Сондықтан, адамға қажетті негізгі қосымшалар жинақталатын мобильді экожүйені жасауды бастадық. Оның ішінде мысалы электронды күнделіктер, «е-health» электронды медициналық картасы және тағы басқа қосымшалар жинақталатын болады. Жоспарланған барлық іс-шаралар орындалған жағдайда 2025 жылға дейін келесі көрсеткіштерге қол жеткіземіз: мысалы БҰҰ рейтингісі бойынша электронды үкіметтің даму индексіне біз 25 орынға шығуымыз керек. Ал жыл сайын 71 миллионнан астам қағаз құжатты айналымнан шығаруға тиіспіз», — деп түйді Абылайхан Оспанов.

Айта кетсек, Оспанов бұдан бұрын Қазақстанда биыл мемлекеттік қызметтің 187 түрі электронды форматқа ауыстырылатынын мәлім еткен болатын.

Оның айтуынша, соттылық жөніндегі анықтама бұрын 2 арыз және 22 күн тәртібімен беріліп, келсе бұдан былай ол анықтаманы 1 арыз жазып, 8 күннің ішінде алуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.