Сенатта 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгертулер енгізу мәселесін талқылау барысында Астананың 20 жылдық мерейтойына қанша ақша жұмсау жоспарланып отырғаны айтылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бізде жалпы Астананың мерейтойы аясында 85 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оған 18 миллион 800 миллион теңге бөлінді. Қаржы министрі бізге толықтай қолдау көрсетті. Осы іс-шараларды лайықты өткіземіз деп сенеміз», — деді мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков депутаттарға.
Сенатор Мұрат Бақтиярұлы өз кезегінде бұл қаражатты басқа дүниелерге жұмсау жөн болатынын айтты.
«Тапсырма бар. Астананың 20 жылдығын тойлауға қатысты іс-шаралар жыл бойы өткізіліп, бүкіл өңірде атап өтіледі. Түрлі кештер өткізіледі. Іс-шаралар бір жыл бойы өтеді», — деп жауап берді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов депутатқа.