Сенат Жоғарғы соттың судьясын сайлады

0 9

Бейсенбі күні Қазақстан парламентінің сенаты Анатолий Смолинді Жоғарғы соттың судиясы қызметіне тағайындауды қолдады, — деп хабарлайды «Zhambylnews»  АА «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы сіздің қарауыңызға Жоғары соттың судьясы етіп Смолин Анатолий Сергеевичті сайлау туралы ұсыныс енгізген болатын», – деді сенаттың пленарлы отырысында Талғат Донақов судьяның кандидатурасын ұсынып.

«Анатолий Сергеевич Смолин бұған дейін 13 жылдан астам Жоғарғы соттың судьясы қызметін атқарған. Оның судьялық қызметінің жалпы өтілі – 28 жыл. 2015 жылдың желтоқсанынан биылғы жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды», – деп атап өтті Талғат Донақов.

Сенат депутаттары А.Смолинді Жоғарғы соттың судьясы етіп тағайындауды бірауыздан қолдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.