Ақтөбеде 10 жастағы мектеп оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды

0 8

Екінші аусымда оқитын қыз бала соңғы сабақта әлсіреп, есінен тана бастаған. Алдын ала болжам бойынша, оқушының жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Мектептен түскен қоңырауды «екінші деңгейлі шақырту» деп қабылдаған жедел жәрдем қызметі 14 минуттан кейін келген. Алайда дәрігерлер баланы құтқарып қала алмады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Анасының айтуынша, Дильназ жақында ғана медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлер оның денсаулығынан кінәрат таппапты. Бала өлімінің себебін анықтау үшін жасалған сот-медициналық сараптама да нақты ештеңе  көрсетпеген. Себебі, жасөспірімнің мәйітінен ешқандай ауру белгілері немесе туабітті ақаулық табылмаған. Енді 1 ай көлемінде кешенді сараптама жасалатын болады

Светлана Есенаманова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

— Сот-медициналық сараптама өлім себебін анықтаған жоқ. Баланың өліміне себеп болатындай ауру табылмады. Медицинада жылына 1-2 рет осындай жағдай кездеседі. Яғни адам аяқ астынан, кенеттен көз жұмады. Бұл балалар арасында да болады.

Айгүл Қайболдина, №38 орта мектеп директорының орынбасары:

— Алтыншы сабақтың уақытында ауырып қалған, енді сол кезеңде мектептің дәрігерін шақыртқан, онан кейін, ата-анасын шақыртқан. Және телефонмен жедел жәрдем шақыртқан. Мектепте болғанда жасанды демалдыру жасаған кезде, бала демалған. Сонан кейін ата-анасымен, сынып жетекшісімен жедел жәрдем алып кетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.