Қазақстандықтарға алдағы аптадағы жұмыс күні бір күнге ұзарады. Алдағы мерекеге байланысты мемлекетте сенбі жұмыс күні ретінде жарияланды. Есесіне дүйсенбі, 30 сәуірде, демалыс беріледі, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Осылайша, Қазақстан халықтарының бірлігі күні республикамызда 29, 30 сәуір және 1 мамыр күндерінде атап өтіледі.
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай сенбі, 5 мамыр, жұмыс күні болып бекіді. Ал одан кейінгі 6-9 мамыр аралығы демалыс ретінде жарияланды.
Осылайша, алдағы мамыр айында қазақстандықтар 11 күн демалады.