Еліміздің оңтүстігінде қырыққабат жинау науқаны басталды

0 4

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында көктемгі қырыққабат дақылын жинау науқаны басталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазірдің өзінде егістік алқаптардан алғашқы өнім алынып, еліміздің батыс өңірлеріне жөнелтіліп жатыр. Жалпы биыл Мақтарал ауданында 1073 гектар жерге көкөніс егілген. Оның 900 гектары қырыққабат, 90 гектары қызанақ, 20 гектары қияр болса, қалған 35 гектарына болгар бұрышы себілген. Айта кетейік, өткен жылы өңір диқандары 912 гектар алқапқа көкөніс егіп, одан 94 мың 440 тонна өнім алған болатын. Мәселен, былтыр жүзім 41 гектар жерге егілсе, биылғы ауқымы 73 гектар. Сол сияқты ерте пісетін қарбыз да былтыр 2317 гектар алқапқа егілсе, биыл 4417 гектарға ұлғайды. Жалпы өткен жылмен салыстырғанда биыл көкөніс көлемі 160 гектарға көп егілген. Оған мақта танаптарын қысқартып, егіс алқаптарын әртараптандырудың арқасында қол жеткен екен.

Мұрат Айдарбеков, Мақтарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

— Бау-бақша, жүзім егіудің негізгі себептері мақта дақылдарын азайтып, соның есебінен өнімді көп алу жоспарланып отыр.

Ғани Батманов, шаруа:

— Өзінің шаруашылығымда 2 гектар қырыққабат бар. Құдай қаласа, жинап бастадық. Алғашқы өнімді тиеп жатырмыз. Атырауға жіберіп жатырмыз. Бағасы 90 теңгеден, бұйырғанын көреміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.