Ресейде Telegram бойынша шешімді орындамаған Google мекенжайын бұғаттады

0 0

Роскомнадзор Google компаниясы РФ территориясында Telegram мессенджерін бұғаттау жөніндегі талапты орындамағандықтан компанияның бірқатар мекенжайын ақпараттарға тыйым салынған  реестрге кіргізгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Қызмет хабарламасында, «Google Роскомнадзор талабын орындамай және оның үстіне сот үкімін бұза отырып Telegram Messenger Limited Liability Partnership компаниясының  Ресей аумағында жұмысын жалғастыра беру үшін өзінің IP-адресін пайдалануын тоқтатпағандығы» көрсетілген.

Бұдан бұрын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда Telegram желісінің бұғатталу ықтималдығына қатысты пікір білдірген еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.