Әлемдегі ең кәрі адам қайтыс болды

0 2

Жапонияда әлемдегі ең кәрі адам ретінде тіркелген Наби Тадзима 118 жасында қайтыс болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Кейуана Жапонияның оңтүстігінде орналасқан Кагосима префектурасындағы Кикай аулында қайтыс болды.

Ол биылғы жылдың қаңтар айынан бері ауруханада жатқан еді.

Тадзима 1900 жылы 4 тамызда дүниеге келген. Оның 160-тан астам ұрпағы бар. Ол 2017 жылдың 15 қыркүйегінен бері Жердегі ең кәрі адам ретінде тіркеліп, өмір жасы ресми түрде расталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.