ОҚО-да 5 жасар қыз суға батып кетті. Қайғылы жағдайға ата-анасының бүлдіршінге қарамауы себеп болған көрінеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 17:50 шамасында Мақтаарал ауданына қарасты Атакент ауылында орын алған.
«ОҚО-дағы Мақтаарал ауданына қарасты Атакент ауылында 2013 жылы дүниеге келген бала аңдаусызда «К-39» каналына батып кетті. Сол маңнан өтіп бара жатқан ауыл тұрғындары баланың денесін көріп, алып шыққан», – деп мәлімденеді ТЖК хабарламасында.
Өз кезегінде төтенше жағдай қызметкерлері ата-аналарға өз балаларының өміріне жауапкершілікпен қарап, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.
«Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік өңірінде күн жылынып, шомылу маусымы басталмағанымен, балалардың суға кету жағдайы жиіледі. Кез-келген ата-ана үшін баланың өмірі қымбат екені анық. Сондықтан кішкентай балаларыңыздың қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз», – дейді ТЖК қызметкерлері.