Бұл роботтар Түркия мемлекетінің Карабюк университетінде роботехника бағытында өткен халықаралық турнирде ел назарына ұсынылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Рамина Сабирова мен Николай Агарковтардың «SidBot» атты роботы жерге тұқым отырғызған. Бұл технология — Қазақстан мен әлемдегі агро саланы автаматтандыруға көшіруге бағытталған.

Бұл байқау біздің жерлестерімізге үлкен тәжірибе әкелді. Сондай-ақ, байқау қорытындысы бойынша білімгерлер 3 орын иеленді.
