Чернобыль апаты: «Апат айтып келген жоқ »

0 12

Чернобыль реакторындағы алапат апаттың орын алғанына биыл 32 жыл болыпты. Алайда оның зардаптары әлі күнге дейін толастаған жоқ.

Осыған орай, бүгін қала әкімі Ғ.Әбдірайымов Жамбыл облысы «Чернобыль Одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан жерлестірімізді қала әкімі алғыс хатпен марапаттады.

Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Онда қазір радиация деңгейі төмендегенмен, қорғаныс шаралары әлі сол қалпында қалып отыр.

«Чернобыль апаты қазақстандықтардың жүрегінде әлі күнге дейін сақталуда», — деп атап өтті Елбасы Н.Назарбаев.

Бұл — келтірген залалы мен салдары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат. Осынау азалы күнге байланысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің мемлекет басшылары Достастық елдерінің халқына, Біріккен Ұлттар Ұйымы елдеріне, бүкіл әлем жұртшылығына үндеу тастап, Чернобыль апатының салдары туралы олардың естеріне салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.