Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды

0 7

«Көрме» орталығында «Eurasian Book Fair – 2018» ІІІ Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Елорданың 20 жылдығына арналған іс-шаралардың аясында өтіп жатқан жәрмеңкеге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі қолдау көрсетті. Әйгілі кітап форумына биыл Ресей, Польша, Ұлыбритания, Беларусь, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркия, Қытай, Үндістан, Албания сияқты 18 елдің 150-ден астам баспа ұйымдары қатысып жатыр.

Халықаралық форум аясында қазақстандық оқырмандар өздеріне ұнаған кітапты сатып алып қана қоймай, шетелдік ақын-жазушылармен, мәдениет қайраткерлерімен кездесе алады.

Мұнымен қоса, көрме-жәрмеңкеде жас ақындарға арналған шығармашылық байқауы, өз өнерін көрермен қауымға паш ететін арт-дизайнерлер байқауы, кітап иллюстраторларына арналған бірқатар іс-шара өтпек.

«Eurasian Book Fair – 2018» ІІІ Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің бағдарламасында кішкентай қонақтарға арналған шаралар да бар. Кітап көрме-жәрмеңкесі 28 сәуірге дейін жұмыс істейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.