Таразда сотталушыларға есірткі сатқан колония бастығының орынбасары сотталды

0 7

Таразда жазасын өтеушілерге есірткі сатқан колония бастығының орынбасары сотталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, ер адам сотталушыларға 7 жарым грамм марихуананы 20 мың теңгеге сатып отырған. Капитан Дәуренбек Дәулетбеков жазасын өтеушіге есірткіні өзі ұсынған.

Режим бөлімі бастығының орынбасары марихуананы кіргізген кезде ұсталған. Ал келісілген ақша оған алдын ала берілген болып шықты. Ол мұндай заң бұзушылыққа бірінші рет барған екен. Бірақ сонда да судья оған аяушылық танытпаған.

Телеарнаның мәліметінше, 32 жастағы ер адам кінәсін мойындады. Соттың үкімімен ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

«45 мың берсең мен саған 3 стакан марихуана кіргізіп беремін деп келіскен. Маған қатты ұстайтыны керек емес, кәдімгісі керек деген. Кейін 20 мың теңгеге келісіп отырған», — дейді судья Азамат Тілепов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.