Бүгін Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Райылұлы қаламыздың дарынды оқушыларымен кездесті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
2017-2018 оқу жылында 9-11 сыныптың 59 оқушысы халықаралық республикалық ғылыми жоба байқаулары мен пән олимпиадаларына қатысып, оның 29 оқушысы 32 жүлделі орындарды иеленіп келген болатын. Жүлдегерлер қатарында 11 мектептің (№1-8, №5-2, №8-2, №24-4, №45-4, №49-1, №30-1, №53-2, №41-3, №40-3) оқушылары бар.
Осы орайда, қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов жүлдегер оқушыларды құттықтап, сыйлықтарын тапсырды.
Сондай-ақ, жас дарындар қала әкіміне өздерінің алғыстарын білдіріп, алған білімдерін Отанымыздың гүлденуіне жұмсайтынын айтты.
Аталған іс-шараға 11 білім мекемесінің басшылары мен білім бөлімінің мамандары қатысты.