Биыл Елорданың 20 жылдық мерейтойы. Осыған орай, Жамбыл Политехникалық колледжінде «Елдігімнің бейнесі- Елорда» атты қойылым қойылды.
Онда студенттер тұғыры биік тәуелсіздікке жету жолында еліміздің бастан кешірген оқиғаларын көрерменге ұсынды.
Студенттер ел егемендігі үшін күрескен Алаш қозғалысының көсемдерінің өмірінен үзінділер көрсетті. Атап айтар болсақ, Әлихан Бөкейхановтың күресі, өмірлік жолы, кісілік келбеті сахналанды. Одан кейін, 86дағы желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, олардың азаттық үшін күресі көрермен назарына ұсынылды.
Дереккөз: Жамбыл телеарнасы