Балтамырды баптауға аса мән берілуде

0 3

Көктемгі дала жұмыстарына кіріскен Т. Рысқұлов ауданы биыл 500 гектар жерге қант қызылшасын орналастыруды жоспарлап отыр. Қазірге дейін дала еңбеккерлері 120 гектар жерді игеріп, тәтті түбір тұқымын сеуіп  үлгерген.  

Биыл Жамбылдықтар балтамырды баптауға баса мән беріп отыр. Дала еңбеккерлерінің алдына 10 мың гектардан астам жерді игеру межесі  тұр. Қазір жұмыстың қызған шағы.  Бұл іске Т. Рысқұлов ауданының шаруашылықтары да  белсене атсалысуда. Мәселен Абай ауылдық округіне қарасты Дауылбай серіктестігі 75 гектар жерге қызылша ексе,  «Достық» шаруа қожалығы  өткен жылға қарағанда алқаб көлемін екі есеге ұлғайтыпты. Себебі, үстіміздегі жылы тәтті түбірмен айналысушыларға үкіметтік көмек те қомақты болмақ. Бұл  әрине дала еңбеккерлерінің қызылшаға деген қызығушылықтарын арттыра түскені анық.

«Жалпы Т. Рысқұлов ауданы бойынша жоспарланға 500 гектар жердің бүгінге дейін 150 гектарына тұқым себіліпті.  Ауа-райының қолайсыздығы біраз қолбайлау болды. Әйтсе де көктемнің әрбір күні жылға азық екенін жете сезінетін шаруалар, күнен – күнге еңбектерін де еселей түсуде»,- Абай ауылдық округінің әкімі Мұрат Арыстанбеков .

Дереккөз: Жамбыл телеарнасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.