Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесімен «Қазмұнайгаз Өнімдері» филиалының «Үш-Бұлак» мұнай базасында жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Іс – шараға Байзақ аудандық №8 Өрт сөндіру бөлімі мен Тараз қаласындағы өрт сөндіру бөлімдерінен барлығы 4 өрт сөндіру-құтқару техникасы мен мекеме күзетіндегі 22 адамды қамтитын жеке құрам жұмылдырылды.
Нәтижесінде бөлімшелердің алдына қойылған міндет өз деңгейінде орындалып, шартты өрт дер кезінде сөндірілді. Жаттығу қорытындысы бойынша жан-жақты талдау жүргізіліп, орын алған кемшіліктер атап көрсетілді.