Бұл туралы облыстық ТЖД Халыққа ақпарат беру және оқыту тобының бас маманы Берік Сатыбалдиев пен Тараз қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Ертай Раймбеков «Jambyl» телеарнасындағы «Рауан» телебағдарламасына қатысып, ТЖД бөлімшелерімен атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Еске салсақ, дәл қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша жыл басынан 744 шығу тіркелсе, оның ішінде 180 өрт оқиғасы болып табылады. Ал авариялық-құтқару жұмыстары 122, өрт деп есепке алынбайтын жану оқиғалары 273-ті құрайды.
Сондай-ақ, Өрт сөндіру қызметімен өрт тактикалық оқуға 43 рет шықса, өрт тактикалық жаттығуларына 137 рет шыққан. Өкінішке орай, қаза болған адам 7 болса, оның ішінде 2 бала. Басқа орынға көшірілген адам 73, оның ішінде 14 балалар. Келтірілген шығын 14 102 000 теңгені құраса, құтқарылған құнды заттар 19 742 800 болып табылады.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Тел. 8(7262) 34-86-09