Жамбыл облысында «Үздік тәлімгер» конкурсы өтті

0 10

2018 жылғы 25 сәуірде Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлері арасында өңірлік слет өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Конкурсқа 8 тәлімгер 8 жас маман қатысып, адам өмірі мен құнды мүліктерді тілсіз жаудан арашалауға қалтқысыз қызмет етуге ант етіп, табанды қызмет етуге бел шеше кіріскендерін мақтанышпен жеткізді.

Ал тәлімгерлер өз баяндамаларында жастарды қызметке қадам басқан сәттен бастап қызметтік міндетін жауапкершілікпен атқара алатын кәсіби маман тәрбиелеуге атсалысып жатқандарын айтты.

Конкурстың қорытындысы бойынша, «Үздік тәлімгер» номинациясының жеңімпазы Меркі ауданының Меркі ауылы №11 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Шамиль Мэлсович Макаев атанды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.