Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мәдина Серікқызы Жүнісбекова ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Мәдина Жүнісбекова Алматы қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Париж I Пантеон – Сорбонна университетін, Пантеон-Ассас университетін тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.
Еңбек жолын 2010 жылы бастаған.
2010-2012 жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеген.
2012-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы лауазымын атқарған.
2014 жылы — ҚР премьер-министрінің кеңесшісі.
2014 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметін атқарған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.