Головкин мен Альварестің кезекті допинг-тестінің нәтижесі жарияланды

0 4

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман «Таза бокс» бағдарламасы аясында Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің таяудағы сынама нәтижесін мәлім етті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«WBC қазір ғана VADA-дан Сауль Альварестің 2 сәуірдегі және Геннадий Головкиннің 3 сәуірдегі допинг-сынамасының нәтижесін алды. Екеуі де — таза», — деп жазды Сулейман өзінің Туиттердегі парақшасында.

Еске салайық, бүгін «Канелоның» 29 наурыздағы тестінің нәтижесі жарияланды. Оның ағзасында кленбутерол мен басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.