Беларусь елінің Добрушский ауданында құлаққап киген оқушыны пойыз басып кетті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Гомель облыстық атқару комитеті ІІБ ресми өкілі Виталий Пристромовтың айтуынша, қайғылы оқиға 25 сәуірде 8.00-де Носовичи станциясынан 30 метр қашықтықта болған.
«Темір жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелеттік жасқа толмаған 2002 жылы туған баланы жүк пойызы қағып кетті. Ауыр жарақаттанған бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жасөспірім — Добрушский ауданының тұрғыны»,-деді Виталий Пристромов.