«ВКонтакте» мамандары iOS және Android платформасындағы әлеуметтік желі қосымшасына жаңа мүмкіндіктер енгізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«ВКонтактедегі» қорғалған аудио және видео қоңырау шалу – ондаған миллион адам үшін қарым-қатынастың жаңа әдісі», – деп мәлімдеді әлеуметтік желінің мобильдік дайындау басқарушысы.
Желіде қоңырау шалу үшін үшін қолданушының жеке парақшасындағы немесе сұхбат парақшасындағы «Қоңырау шалу» тетігін басу керек. Бұл ретте сізге кім қоңырау шала алатынын белгілеуге болады: барлық қолданушы, тек достарыңыз немесе жекелеген адамдар.
Қоңырау шалудың қауіпсіздігі өтпелі шифрлеу (end-to-end encryption) арқылы қамтамасыз етіледі. Мұндай әдісті Facebook, WhatsApp, Viber және басқа да мессенджерлер қолданады.
Компанияның бас директорының айтуынша, мұндай шифрлеу адамдардың сөйлесуінің құпиялылығын қамтамасыз етіп, үшінші тарапқа қолжетімді болуынан қорғайды.