Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин чемпион атағын сақтап қалу үшін, Халықаралық бокс федерациясына (IBF) 20 мың доллар төледі, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Головкинге атағын сақтап қалу үшін, 90 күн, яғни биылғы жылдың 3 тамызына дейін уақыт берді.
Боксшының «Канеломен» жекпе-жегі болмай қалғаннан кейін, Головкин IBF титулына үміткер украиналық Сергей Деревянченко мен кездесуі керек еді. Алайда, Головкиннің командасы аталған жекпе-жекті өткізуге қызығушылық танытпады.
Мұнан кейін WBA Super, WBC мен IBO титулдарына үміткер америкалық Ванес Мартиросянмен жекпе-жек өткізу туралы шешім қабылданды. Аталған жекпе-жек 5 мамырда Калифорниядағы StubHub Center аренасында өтеді.
Головкиннің командасы 90 күнге кейінге қалдыру мерзімін сатып алды. Сондықтан әзірге ол IBF титулынан айырылмайды. Алайда, ендігі ол Деревянченкомен жекпе-жек өткізуге міндетті.