Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі білім және тəрбиені қаржыландыру саласындағы есептеу əдістерін бекітті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірлер мектепке дейінгі мекемелердегі қызметтер бағасын енді өздері белгілей алады.
Жекеменшік балабақшалардағы мемлекеттік тапсырыс көлемі, олардағы қызметтердің бағасы осыған байланысты болады, деп хабарлады YK-news.kz.
«Мектепке дейінгі тəрбие жəне білімді жан басына шағып есептеу əдістері ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Осы əдістерді пайдалана отырып, өңірлер бір тəрбиеленушіге бөлінетін қаржы көлемін өздері анықтай алады. Осыған орай, жергілікті билік өздері мемлекеттік білім тапсырысының көлемдерін бекітіп, оларды жекеменшік балабақшаларда орналастыра алады», — деді БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылова.