Алматы облысы, Көксу ауданының шаруалары қант қызылшасының тұқымын себуді жалғастыруда. Биыл аудан диқандары 2 мыңға жуық гектарға тәтті түбір егуді жоспарлап отыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кеңдала шаруа қожалығының 18 дана техникасы егіс алқабына шықты. Шаруалар былтырғыдан да молырақ өнім алуды жоспарлап отыр. Оған күн райы да қарайласып тұр дейді, алқаптарды аралаған аудан әкімі Алмас Әділ.
Қазіргі таңда «Балпық», «Қыдырәлі» және «Қайнар-Көксу» сынды ірі шаруашылықтар қант қызылшасын себу жұмыстарын толық аяқтады. Аудан бойынша жалпы бүгінгі күнге дейін 1880 га жерге қант қызылшасы себілді. Өнімді өндіруге дейінгі тұқым алу, арзандатылған бағамен жанар-жағармай алу, техникамен қамту, қызылша себу мен оны күтіп-баптап, жинақтап зауытқа өткізуге дейінгі жұмыстар үнемі бақылауда болады.
Жалпы Алматы облысында өткен жылы қант қызылшасының алқабы 9 мың гектарға жеткізіліп, 363 мың тонна өнім жиналды, одан 31 мың тонна таза қант өндірілді.