Жамбыл облысында полицейлер слёті өтті

0 5

Меркі ауылында өткен іс — шара «Полиция қатарында болу – мен үшін мақтаныш!» ұранымен ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

200-ден астам адам қатысқан жиында Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі үлгі етілді. Отанымызға лайықты қызмет етуге, патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге баса мән берілді.

Жиынның мақсаты — қызмет бабында қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің рухына құрмет көрсету. Осы мақсатта орнатылған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Бір минут үнсіздік жарияланып, гүл шоқтары қойылды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғалы бері қызметтік парызын атқару барысында 837 полиция қызметкері қаза болды, оның 47-сі Жамбыл облысының полицейлері қатарынан. Бұл тізімде Меркі АІІБ-нің 6 қызметкері бар. Жергілікті атқарушы органдардың келісімімен қалалар мен елдімекендердегі көшелерге олардың есімі берілетін болады, ескерткіштер мен құлпытастар, мемориалдық тақталар орнатылады», — деді облыстық ІІД бастығы Т.Маткенов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.