Таразда «Ең үздік кітап оқитын мектеп» анықталды

0 88

Облыстық «Ең үздік кітап оқитын мектеп» байқауы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

Тараз қаласындағы №51 мектеп базасында өткен сайыста кітапханашылар
«ХХІ ғасыр кітапханасы» атты кезеңде өз мектеп кітапханаларын таныстырса, «Кітапхана — оқырман елі» кезеңінде олардың жұмысы бағаланды.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін, кітап оқу деңгейін анықтау үшін «мектеп оқушылары оқуға тиіс 100 кітап» тізімі бойынша қазақ, орыс, шетел әдебиеттерінен викториналалық сұрақтар қойылып, әдеби ойындар өткізілді.

Бас жүлдені Меркі ауданы Т.Кожакеев атындағы мектеп-гимназиясы, І-орынды Т.Рысқұлов ауданы, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектеп, ІІ — орынды Тараз қаласындағы №34 орта мектебінің командасы және ІІІ — орынды Сарысу ауданындағы Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы еншіледі.

Байқау барысында «Рухани жаңғыру – ұлттың болашағы» атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды. Онда тарихи кітаптар және Елордаға арналған кітаптар қойылып, келушілер назарына ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.