Синоптиктер Қазақстанда 3-5 мамыр аралығында қандай ауа райы күтілетінін айтты. Болжам бойынша, Ресейдің еуропалық бөлігінде пайда болған дауыл қатты жылдамдықпен ҚР-ның солтүстік бөлігіне келе жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Дауылмен бірге найзағайлы жаңбыр, екпінді жел мен бұршақ келуі мүмкін.
Метереологтардың айтуынша, еліміздің солтүстік және орталық облыстарда күн суытады. Республиканың атмосфералық қысымы жоғары басқа аумақтарында күн ашық болады, көктемнің жылы күні күтіледі.
Айта кетейік, мамыр айы жауын-шашынды болады. Мамыр айына арналған ауа райы болжамын мына жерден оқи аласыз.