Орта салмақта жұдырықтасатын украиналық боксшы Сергей Деревянченконың (12-0, 10) промоутері Лу Дибелла Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) қазақстандық Геннадий Головкиндегі ұйым белбеуіне қатысты шешіміне пікір білдірді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұның алдында IBF орта салмақта осы ұйым белбеуіне ие Головкинге бірнеше шартты орындаса, Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жекті кейінге қалдыруға рұқсат берген. Ең бастысы Головкин чемпиондық атағын 2018 жылдың 3 тамызына дейін қорғау керек. Олай болмаған жағдайда қазақстандық белбеуінен айырылады. Деревянченко командасы IBF ұйымының бұл шешіміне қанағаттанды және Головкинді атағынан дереу айыру туралы сұраған жоқ, — деп жазады vesti.kz.
«Түсінеміз, бұл жағдайда Головкин кінәлі емес. Кінә «Канелодан». Бірақ біз міндетті қарсыласпыз және осы атақ үшін жұдырақтасуға құқымыз бар. Деревянченко бос тұрған белбеуге таласқысы келмейді. Оның арманы – Головкинмен жұдырықтасу», – дейді Дибела.
Өзінің келесі жекпе-жегін Головкин 5 мамырда Карсон қаласында (АҚШ, Калифорния штаты) америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 KO) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте қазақстандық тек үш атағын қорғайды, өйткені IBF бұл жекпе-жекке рұқсат бермеді.