2018 жылғы 2 мамырда Жамбыл облысы ТЖД Тараз қалалық ТЖ басқармасының бас маманы Қайрат Оразбаев пен облыстық Өрт сөндіру мекемесінің баспасөз хатшысы Нұрболат Өмірзақов қалалық №42 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен «Өрт қауіпсіздігі басты назарда!» тақырыбында кездесу өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Аталмыш шара барысында ТЖД қызметкерлері өрт санының жиілеуінің негізгі себептерінің бірі ол тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан, я болмаса жауапкершілік танытпауының салдарынан орын алып жататындығын баса айтты.

Ал өрт оқиғасы орын алып, өз күштерімен өртті сөндіру мүмкін болмаған жағдайда шұғыл түрде 101 немесе 112 телефон нөмірленіне қоңырау шалу қажет екендігін еске салды.
Одан әрі азаматтық қорғау подполковнигі Қайрат Оразбаев оқушыларға өрт шыққан кезде өрт сөндіргіш құралын қалай пайдалану қажеттігі туралы жан-жақты түсіндіріп, тәжірибелік тұрғыдан көрсетті.