«Кәсіби үлгідегі модель негізінде интерактивті кәсіби зертханаларды құру» жобасы аясында мектеп оқушыларына арналған кәсіби сынама ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 9-11-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру үшін мамандықтар мазмұны түсіндірілді.
Аталмыш шараға қала мектептерінің білім алушылары колледжде оқытылатын мамандықтармен, орта оқу орындарына түсу шарттарымен, оқу орны ұсынатын жеңілдіктермен танысты.
Шараның қорытынды бөлімінде балаларды аймақтық еңбек нарығында преспективті және сұранысқа ие кәсіп түрлерімен таныстыру мақсатында жұмыс берушілермен бірге дөңгелек үстел өткізілді.
Қазіргі кезде мектеп оқушыларының болашақ мамандығына бағытталған кәсіби даярлықтан өтуі – олардың болашақ мамандығын адаспай табуының алғышарты болып табылады.
Мол ақпаратқа ие болуға жол ашатын бұл жоба жыл сайын өткізілетін болады.