Таразда «Бек» сауда орталығындағы өрт сөндірілді

0 2

2018 жылғы 29 сәуірде Жамбыл облысының «Бек» сауда орнында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Аталмыш шараға Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру мекемесі мен Жедел-құтқару жасағы» және «Медициналық апаттар» мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлері қатысып, барлығы 6 өрт сөндіру-құтқару техникасы мен 41 адамды қамтитын жеке құрам жұмылдырылды.

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Жаттығу кезінде Жамбыл облысының «Бек» сауда орталығында электр құралдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт оқиғасы орын алады. Жұмыс уақытында орталық ішінен шыққан өртті көзі шалған қызметкерлер шұғыл түрде қызмет етуші тұлғаларды құлақтандырып, сонымен қатар арнайы қызметке де өрт туралы хабар беріп үлгереді. Сондай-ақ, қолда бар өрт сөндіру құралдарымен жедел түрде өртті сөндіруге кіріседі.

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Оқиға орнына келіп жеткен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары шартты өрт орнында өрт сөндіру штабы мен 2 жауынгерлік учаскісі құрады. Шартты өрт көлемі 80 шаршы метрді құрады.

Бөлімшелердің жеке құрамымен газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмысы да атқарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.