Денсаулық сақтау нысандарында рейд өткізілді

0 4

Ағымдағы жылы 28 сәуірде ТЖ алдын алу бөлімі және Тараз қаласы ТЖ басқармасы «Медициналық апаттар» орталығының қызметкерлерімен бірлесіп денсаулық сақтау нысандарында судағы қауіпсіздіктің алу жұмыстары туралы тексеріс жүргізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Рейд барысында қала тұрғындарына жазғы шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Мамандар әр ересек пен балаларға су айдындарында өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндірді.

Сондай-ақ, су айдындарында болған кезде жеке құтқару құралдарының болу қажеттігі, ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырмау, шомылуға қауіпті орындарда шомылмау жөнінде ұсыныс берді.

Тағы айта кететін жайт, рейдтік іс-шаралар денсаулық сақтау нысандарында шомылу маусымының соңына дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.