ҰБТ-дан ең алғаш болып 140 ұпай жинаған түлекке Iphone сыйға тартылады

0 1

Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-да алғаш болып 140 ұпай жинаған түлекке iPhone смартфонын сыйға тартпақ. Бұл туралы «Zhambylnews» АА хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Биыл, Ұлттық бірыңғай тестілеу он бесінші рет өткізіледі, кішігірім мерейтой. Қазақстан азаматы ретінде, өз атымнан, ең алғаш болып 140 ұпай жинаған түлекке iPhone сыйлаймын”, — деді Әлімқұлов.

Айта кетейік, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында 167 пунктіде өтеді. Тестілеуге қатысу туралы өтініш 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады. Биыл тестілеуге Қазақстан бойынша 96 мың түлек қатысады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.