Шенеуніктер кейбір базарларға заңсыз жәрдем көрсетіп, басымдықтар берген. Осы орайда, Жамбыл облысында Түркістан және Жаңаарық ауылдық округтерінің әкімдеріне айыппұл салынды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«Әкімдіктер көркейту бойынша қызмет көрсету туралы тікелей келісім жасасу арқылы тауар базарына қолжетімділікті шектеген», — деп атап өтті табиғи монополияны реттеу, бәскелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет.
Бұдан бөлек, шенеуніктер базардың жекелеген нысандарына жәрдем көрсетіп, оларға өзге бәсекелестері арасында басымдық берген.
Дәл осы бап бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы ТКШ бөлімінің шенеуніктері мен олардың Түлкібас ауданындағы әріптестеріне айыппұл салыныпты.